Екібастұзда көшеде аңшы мылтығымен жүрген азамат ұсталды

0
724

Полиция тексеру жүргізіп жатыр.


Екібастұзда көшеде аңшы мылтығымен жүрген азамат ұсталды

ERNUR.KZ. Екібастұзда көшеде тегіс ұңғылы аңшы мылтығын ұстап жүрген 33 жастағы азамат ұсталды. Бұл туралы Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Тегіс ұңғылы аңшылық мылтығы және 16 калибрлі екі патрон тәркіленіп, баллистикалық сараптамаға жіберілді, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - делінген хабарламада.

Полиция тексеру жүргізіп жатыр.

Ұсталған азаматтың мас болғаны атап өтіледі. Ол айықтырғыш орынға орналастырылды.