Екібастұзда 4-қабаттан құлаған ер адам аман қалды

0
607

​Үш құтқарушы жерге түсіріп, жедел жәрдем қызметіне тапсырған. Ол қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр.


Екібастұзда 4-қабаттан құлаған ер адам аман қалды

ERNUR.KZ. Екібастұз тұрғыны 4-қабаттан құлады, қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр, деп жазады sputnik.kz.

Оқиға жексенбі, 29 қараша күні, сағат 03.20-да Торайғыров көшесіндегі 25-ші үйде болған.

"33 жастағы ер адам терезеден кіреберістің шатырына құлады. Альпинистік құрал-жабдық пен зембілдің көмегімен үш құтқарушы жерге түсіріп, жедел жәрдем қызметіне тапсырған. Ол есінен танып қалмаған. Ер адам Екібастұз қаласының ауруханасына жеткізілді", - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаменті оның неге құлағанын айтпады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға ер адам мас болғанын жеткізді. Ол жансақтау бөлімінде алкогольдік психоз жағдайында жатыр. Еш жері сынбаған.