ДСМ Талғар ауруханасында дәрігерлерді ұрып-соққандарды жауапқа тартуды талап етті

0
683

Аурухана реаниматологы пен мейіргері пациенттің агрессивті туыстарының шабуылынан ауыр жарақат алды.


ДСМ Талғар ауруханасында дәрігерлерді ұрып-соққандарды жауапқа тартуды талап етті

ERNUR.KZ. Талғар ауданының орталық ауруханасында қызметтік міндеттерін атқару кезіндегі медицина қызметкерлеріне қатысты жол берілмейтін зорлық-зомбылық әрекеттері жасалған өрескел оқиға болды. Реаниматолог пен мейіргер пациенттің агрессивті туыстарының шабуылынан ауыр жарақат алды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Әлеуметтік желіде тараған бейне кадрлардан сырттан келген 2-3 азаматтың дәрігерлерді жұдырықтың астына алған сәттерін көруге болады.

Белгілі болғандай олар ауруханада жан тапсырған науқастың ұлдары болып шыққан.

Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрлігі болған жайтқа қатысты түсініктеме беріп, шабуыл жасаған азаматтарға құқықтық жаза қолдануды талап етті.

«Осы құқыққа қайшы әрекеттерге құқық қорғау органдарының тарапынан сәйкес баға берілуі, шабуыл жасаған адамдар заңның барлық талаптары бойынша жазалануы тиіс. Дәрігерлерге жасалған мұндай қаскүнемдік шабуылдар, ауыр пациенттерге медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымның қызметіне араласуға мүлдем жол берілмейді және адамгершілікке жатпайды. Денсаулық сақтау жүйесінде пациенттер мен дәрігерлердің қауіпсіздігі, науқастарға медициналық көмек көрсету үшін жағдай жасау әрқашан алдыңғы қатарда тұрады», - делінген хабарламада.

Ведосмствоның сөзінше, басым міндет - зардап шеккен дәрігердің және басқа қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, барлық күш-жігерді зардап шеккен медицина қызметкерлерінің өмірі үшін күреске бағыттау, ал медициналық ұйым басқа шұғыл пациенттерге көмек көрсету үшін қауіпсіз жағдай жасау болып табылады.

«Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде оларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері жасалған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылып, медицина қызметкерлерін құқықтық қорғау, қауіпсіздік және мәртебесін нығайту бастамасын көтереді. Заңнамаға енгізілген өзгерістер Парламент Мәжілісінде қаралады және жақын арада бекітіледі деп үміттенеміз», - делінген министрліктің хабарламасында.