Дизайнер Bisen-нің өлімі: прокурор айыпталушыны 12 жылға қамауды сұрады

0
2 486

Дизайнердің отбасы айыпталушыны 15 жылға қамауды және 10 миллион теңге моральдық шығын өтеуді сұрады.


Дизайнер Bisen-нің өлімі: прокурор айыпталушыны 12 жылға қамауды сұрады

ERNUR.KZ. Прокурор дизайнер Bisen-ді өлтірді деп айыпталған адамды 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр, деп жазады Tengrinews.kz.

Прокурордың сөзінше, Дүйсенғалиев С-ке 99-баптың 1-бөлігі бойынша айып тағылған.

"Мен айыпталушының кінәсі дәлелденді деп есептеймін. Оны кінәлі деп танып, 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын", - деді прокурор.

Дизайнердің отбасы айыпталушыны 15 жылға қамауды және 10 миллион теңге моральдық шығын өтеуді сұрады.

Еске салайық, қазақстандық дизайнердің қайтыс болғаны туралы 2020 жылдың 18 қазанында белгілі болды. Bisen-нің қайтыс болғаны туралы хабарды рэпер Hiro жеткізген болатын.

"Енді арамызда Сәбит @b1sen жоқ. Бірақ оның логосын барлық жерден көруге болады. Бұл символды кездестірмедім деп айтпаңыз! Оны футболкалардан, жапсырмалардан, көшелерден көруге болады. Біз көшеге оның есімін береміз, оған ескерткіш қоямыз", - деп жазды рэпер Hiro.

Рэпердің сөзінше, дизайнерді өлтіріп кеткен.

"Арамызда Бисен жоқ. Досымды тепкілеп кетті. Оның сау жері қалмаған. Оны кроссовкасы бойынша анықтадық", - дейді Hiro.

"Ирина Кайратовна" рэп-тобының мүшесі Азамат Маркленов Instagram-да "Бізді кешір! Бір күні міндетті түрде жұмыс істейміз. Сен әрқашан біздің жүрегімізде қаласың" деп жазды.

Айта кетейік, Сәбит Сырахан - танымал streetwear-брендінің дизайнері болған.