«Дикий Арман» екі айға қамауға алынды

0
587

7 қаңтарда Алматыда арнайы операция кезінде Арман Жұмагелдиев ұсталған.


«Дикий Арман» екі айға қамауға алынды

ERNUR.KZ. «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев сот санкциясымен екі айға қамауға алынды, деп жазады baq.kz.

Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметі растады.

"Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Арман Жұмагелдиевке қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қылмыстық процестік кодекстің 201 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректерін жария етуге жол берілмейді", - делінген елорда сотының хабарламасында.

Сонымен қатар баспасөз қызметінің мәліметінше, сұрау салынған ақпарат қолжетімділігі шектелген ақпаратқа жатады. Өзге деректерден хабардар болу үшін қылмыстық процестік кодекстің 201 бабына сәйкес тергеп-тексеру амалдарын жүргізуші органға хабарласу қажет.