Депутат Татьяна Савельева жаңа қызметке тағайындалды

0
228

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов та Татьяна Савельеваның кандидатурасы туралы оң пікір білдірді.


Депутат Татьяна Савельева жаңа қызметке тағайындалды

ERNUR.KZ. Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетін депутат Татьяна Савельева басқарады. Бұған дейін комитет төрағасы қызметін жақында ғана қаржы министрі болып тағайындалған Мәди Такиев атқарған, деп жазады tengrinews.kz.

"Парламенттің комитеттері мен комиссиялары туралы" заңға сәйкес, комитет төрағасы Мәжіліс отырысында депутаттар арасынан сайланады.

"Amanat фракциясы атынан қаржы және бюджет комитетінің төрайымы лауазымына Татьяна Михайловна Савельеваны ұсынып отырмыз. Ол осы комитетте жемісті жұмыс істейді, орта буыннан басшылыққа дейін 25 жылдық тәжірибесі бар. Өте жауапты қызметкер, тәжірибелі, тапсырмаларды әрқашан дер кезінде орындайды, қолдау көрсетіңіздер", - деді жалпы отырыста депутат Елнұр Бейсенбаев.

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов та Татьяна Савельеваның кандидатурасы туралы оң пікір білдірді. Оған 88 депутаттың 86-сы дауыс берсе, біреуі қалыс қалды, біреуі қарсы болды.