Депутат қазақстандық аналарға емделу үшін бір реттік төлем бөлуді ұсынды

0
212

Елімізде қазірдің өзінде 543 мыңға жуық көп балалы аналар мұндай төлемдерге мұқтаж.


 Депутат қазақстандық аналарға емделу үшін бір реттік төлем бөлуді ұсынды

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға Қазақстанда әйелдерге біржолғы төлемді енгізуді ұсынды, деп жазады zakon.kz.

Оның айтуынша, елімізде қазірдің өзінде 543 мыңға жуық көп балалы аналар мұндай төлемдерге мұқтаж.

"Медициналық факт, ана аяғы ауыр кезінде баланың дамуына тым көп кальций жұмсайды, соның салдарынан тістері түсіп қалады.Қазақстанда стоматологиялық қызметтердің бағасы жоғары екенін бәріміз жақсы білеміз. Біріншіден, көп балалы аналарға тістерін қалпына келтіру үшін біржолғы қаржылық төлемді қалыптастыру қажет", - деді Ерлан Саиров.

Елімізде бір реттік жәрдемақы төленетінін, бірақ оның бала күтімі үшін берілетінін баса айтты. Сонымен қатар, бұл төлемдердің мөлшері басқа елдермен салыстырғанда төмен. Мәселен, 1-3 бала туылғаны үшін қазақстандықтарға 140 мың теңге, төрт және одан да көп бала туғанға 232 мың теңге төленеді.

Ал Ресейде аналық капиталдың мөлшері бірінші балаға 639 мың рубльді құрайды – бұл 3 миллион 195 мың теңге, ал екінші балаға 883 мың рубль – бұл 7 миллион теңге.

"Бұл біздің өтемақымен салыстыруға бола ма? Әрине, жоқ", - деп ашуланды депутат.