Денсаулық министрі белгілі дәрігер Юрий Шумковтың өліміне қатысты пікірі білдірді

0
628

Гастроэнтеролог Юрий Шумковты 4 сәуір таңертең Алматының Бостандық ауданында атып кетті.


Денсаулық министрі белгілі дәрігер Юрий Шумковтың өліміне қатысты пікірі білдірді

Министр Ажар Ғиният мықты маман, гастроэнтеролог Шумаковтың қазасы туралы қаралы хабар Қазақстанның медицина саласын дүр сілкіндіргенін атап өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Жеке өзімнің және Денсаулық сақтау министрлігі ұжымының атынан дәрігердің отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Бейбіт күнде медицина қызметкерлеріне деген көзқарасы дұрыс емес адамдардың қолынан дәрігерлердің қаза табуы еліміздің денсаулық сақтау саласы үшін ауыр қасірет" , — деп жазды Министр.

Ажар Ғиният марқұмның артында қалған үш баласы мен ата-анасының қайғысын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес екенін айтты.

"Отандық медицина гастроэнтерология саласының дамуына өз үлесін қосып, жүздеген науқасты емдеген білікті дәрігерден айырылды", деді ол өз сөзінде.

Министр тергеу жұмыстарының әділ өтетініне және қайғылы оқиғаға кінәлі адамдардың заң шеңберінде тиісті жазасын алатынына сенім білдірді.