Дәрігерлер Костенко шахтасында зардап шеккен кеншілердің жағдайы туралы айтты

0
1 674

Газдан уланған 20 адам жеңіл және орташа дәрежеде жарақат алған.


Дәрігерлер Костенко шахтасында зардап шеккен кеншілердің жағдайы туралы айтты

Дәрігерлер Костенко шахтасында зардап шеккен кеншілердің жағдайы туралы айтты, деп жазады Zakon.kz.

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауруханаға 28 адам жеткізілген.

Газдан уланған 20 адам жеңіл және орташа дәрежеде жарақат алған. Жансақтау бөлімінде түрлі жарақат алған бір науқас жатыр. Жағдайы тұрақты. Есін біледі.

Бір адам травматологияда жатыр, жағдайы орташа ауыр. Екі кенші Шахтинскінің орталық ауруханасына жатқызылған, жағдайлары орташа ауыр.

Төрт адам амбулаторлық емдеуге жіберілді.