Дәрігер жөтелдің көпшілік білмейтін себебін атады

0
566

Дәрігер жөтел рецепторларының жүректе, өңеште және кеуде қуысының ішінде де кездесетінін айтты.


Дәрігер жөтелдің көпшілік білмейтін себебін атады

ERNUR.KZ. Ресейлік дәрігер және тележүргізуші Александр Мясников құлақ каналында жөтел рецепторларының бар екендігі туралы айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Егер сіздің құлағыңызда артық бір нәрсе болса, бұл сіздің жөтеліңізге себеп болуы мүмкін", - деді дәрігер.

Тележүргізуші өзінің дәрігерлік тәжірибесінен мысал келтірді. Өзіне барлық дәрігерге қаралып, түрлі ем алса да жөтелі тоқтамаған науқас келгенін айтты.

"Мен оның құлағынан қатты өскен өрескел түкті байқап, оны жұлып тастаған, едім жөтел бірден басылды ", - деді Мясников.

Дәрігер жөтел рецепторларының жүректе, өңеште және кеуде қуысының ішінде де кездесетінін айтты.