БҰҰ Қазақстанның өлім жазасынан бас тарту туралы шешімін қолдайды

0
2 426

Қазақстан хаттамаға қол қойған 88-ші мемлекет болды


БҰҰ Қазақстанның өлім жазасынан бас тарту туралы шешімін қолдайды

ERNUR.KZ. БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) Орталық Азиядағы өңірлік өкілдігі 2021 жылдың 2 қаңтарында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші факультативтік хаттаманы ратификациялау жөніндегі Қазақстанның шешімін құптайды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Халықаралық стандарттар мен нормаларға сәйкес тиісті құқықтық кепілдіктерді пайдалана отырып, қылмыскерлерді жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстанмен өзара іс-қимыл жасауға дайынбыз», - деп атап өтті БҰҰ ЕҚБ Орталық Азиядағы өңірлік өкілі Ашита Миттал.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсанында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның екінші факультативтік хаттамаға қосылу рәсімін бастауды тапсырды. 2021 жылдың қаңтарында Президент өлім жазасының күшін жоюға қатысты заңға қол қойды.

Қазақстан хаттамаға қол қойған 88-ші мемлекет болды.