Бұрынғы министр Марат Бекетаевтың қамау мерзімі 21 наурызға дейін ұзартылды

0
217

Бұрынғы Әділет министрі лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған болатын.


Бұрынғы министр Марат Бекетаевтың қамау мерзімі 21 наурызға дейін ұзартылды

ERNUR.KZ. ҚР бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевты қамауда ұстауды тағы бір айға ұзарту туралы сот санкциясы қабылданды, деп жазады inbusiness.kz.

"2024 жылғы 12 ақпанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотымен күдікті Марат Бекетаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 21 наурызға дейін ұзарту санкцияланды", - делінген сауал жауабында.

Сондай-ақ, қалалық соттан ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге деректердің жария етілмейтіні айтылды.

Еске сала кетейік, бұрынғы Әділет министрі лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды.