Боди-массаж туралы видеодағы алматылық полицей жұмыстан шығарылды

0
1 525

Екі ер адам полиция қызметкерін ұстап алып, жұмыс куәлігін видеоға түсірген.


Боди-массаж туралы видеодағы алматылық полицей жұмыстан шығарылды

ERNUR.KZ. Боди-массаж туралы видеодағы алматылық полицей жұмыстан шығарылды, деп жазады Tengrinews.kz.


Желіде Алматы қалалық полиция департаменті қызметкерінің қатысуымен видео пайда болды. Кадрларда қыз ер адамды өкілетін асыра пайдаланды деп айыптайды. Ол және екі ер адам құқық қорғау органдарының қызметкеріне оның боди-массажға келгенін, содан кейін интим қызмет талап етіп, қызды зорлап қоя жаздағанын айтады. Қызметкер бәрін жоққа шығарады. Роликтің соңында жанжал басталады. Екі ер адам полиция қызметкерін ұстап алып, жұмыс куәлігін видеоға түсіреді.


Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі аталған дерек бойынша қаланың Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеріс жүргізгенін хабарлады.

Полицицей мемлекеттік қызмет туралы этикалық кодексті бұзғаны үшін жұмысынан шығарылды.


"Бүгін тәртіптік комиссияның шешімімен құқық қорғау органының беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексі" талаптарын сақтамағаны үшін, сондай-ақ "Құқық қорғау қызметі туралы" ҚР Заңының талаптарын бұзғаны үшін Алматы қаласы ПД полк қызметкері ішкі істер органдарынан босатылды", - делінген хабарламада.