Бишімбаев ісі: сот залына журналистерді кіргізетін болды

0
213

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.


Бишімбаев ісі: сот залына журналистерді кіргізетін болды

ERNUR.KZ. Астанада әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевке қатысты сот процесі бүгін де жалғасып жатыр, деп жазады ulysmedia.kz.

Журналистер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Бүгінгі сотта судья Айжан Құлбаева журналистерді қайтадан сот залына кіргізу немесе кіргізбеу мәселесін көтерген. Судьяның айтуынша, алқа билердің түрі көрсетілген видеоны КТК арнасы таратқаны белгілі болған. “Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ескерту жасалды” деді ол. Осыған байланысты судья журналистерді сот залына кіргізу мәселесі бойынша тараптардың пікірін білген.

Айыптау тарапы, жәбірленуші тарап та бұған қарсы болмады, бірақ Бишімбаевтың адвокаты журналистердің сот залына қарсы шықты. Екінші сотталушы Байжанов та журналистерді кіргізуге қарсылық білдірмеген еді.

Судья сот залына журналистерді кіргізу жөнінде шешім қабылдады.

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды. Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.