Бишімбаев алқабилерден бұрын министр болғанын ұмытуды сұрады

0
162

Алқабилер алдында сөйлеген сөзінде Бишімбаев "тағдыры мен өмірі олардың шешіміне байланысты болады" деді.


Бишімбаев алқабилерден бұрын министр болғанын ұмытуды сұрады

ERNUR.KZ. Сотта соңғы сөзін сөйлеген бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев алқабилерден бұрын лауазымды қызметтерді атқарғанын ұмытуды сұрады, деп жазады tengrinews.kz.

Алқабилер алдында сөйлеген сөзінде Бишімбаев "тағдыры мен өмірі олардың шешіміне байланысты болады" деді.

"Сіздерге таңылған теріс пікірге байланбаңыздар. Бұрын кім болғаным маңызды емес, қандай лауазымдарда отырғаным маңызды емес. Мен де қарапайым адаммын және бейтарап және объектив сот үкіміне лайықпын", - деді сотталушы.

Сондай-ақ, ол "қатты өкінетінін" және "жазаға дайын" екенін айтты.

"Мен жазамды өтеуге дайынмын. Бұл жазам болады деп үміттенемін, бұл жаза менің күнәмнің өтеуі болса екен деп әр жолы Алладан дұға тілеймін. Өйткені мен бұл үшін күн сайын өкінемін. Қатты өкінемін. Бұлай болғаны үшін өзімді қаншалықты кінәлайтынымды елестету мүмкін емес. Сіздерден тағы да сұраймын: әділ болсаңыздар", - деп қосты сотталушы.