Геосаяси ахуал ушыға түскен қазіргі кезде БҰҰ-ның әлеуетін арттыру керек – Тоқаев

0
555

Президент Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болуына 30 жыл толуына байланысты пікір білдірді.


Геосаяси ахуал ушыға түскен қазіргі кезде БҰҰ-ның әлеуетін арттыру керек – Тоқаев

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында Біріккен Ұлттар Ұйымының әлеуеті мен рөлін арттыру қажеттігін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ол Қазақстан бұл ұйымға 30 жыл бұрын мүше болғанын атап өтті.

«Қазақстан осыдан 30 жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Біз БҰҰ-мен жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өркениетті қоғам құру мәселесіне байланысты ынтымақтастық орнаттық. Геосаяси ахуал ушыға түскен қазіргі кезде осы ұйымның әлеуеті мен рөлін арттыра түсу керек», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.