Бір жылға жуық тергеу изоляторында отырып, ақталып шыққан полковник қызметіне оралды

0
458

2021 жылы мамырдан бастап ол қамауға алынды, сол жылдың қаңтарында сот процестері басталып, полковник ақталған.


Бір жылға жуық тергеу изоляторында отырып, ақталып шыққан полковник қызметіне оралды

ERNUR.KZ. Сот бұған дейін ақталып шыққан полковник Айгүл Маманованы қызметіне қайта алды. Оған полицейлерден ақша жинады деген айып тағылып, сотта дәлелденген жоқ, деп жазады tengrinews.kz.

2021 жылы сәуірде Қостанай облысы ПД тәртіптік комиссиясының қорытындысы бойынша, тергеу басқармасы бастығының орынбасары Айгүл Маманова ішкі істер органдарынан теріс себептермен – өкілетін және қызметтік өкілетін асыра пайдаланғаны үшін қызметінен босатылған. Кейінірек, 2021 жылы мамырдан бастап ол қамауға алынды, сол жылдың қаңтарында сот процестері басталып, полковник ақталған. Содан бостандыққа шыққан әйел жұмысына қайта оралу үшін сотқа жүгінген.

"Сот жұмыстан босату туралы қаулы М-ның амбулаторлық емделу кезінде шығарылғанын анықтады, сонымен қатар қызметтік тергеу материалдарында тәртіптік теріс қылық қалай байқалғаны айтылмаған. Қостанай қалалық сотының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі шешімі бойынша, талап ішінара қанағаттандырылды: Қостанай облысы ПД тергеу басқармасының Аймақтық бақылау бөлімінің бастығының басқарма бастығының орынбасарын лауазымынан босату туралы бұйрығы заңсыз деп танылды және жойылды, ал М. ішкі істер органдарына бұрынғы лауазымына қалпына келтірілді", - деді Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі өкілдері.

Сондай-ақ, жұмыстан босатылған қызметкердің пайдасына мәжбүрлі түрде жұмыста болмау кезіндегі табысы өндірілді. Қостанай облысы Полиция департаменті бастығының атына жеке ұйғарым шығарылды. Шешім заңды күшіне енген жоқ.