Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліс депутаты болып сайланғаны белгілі болды

1
874

19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтті.


Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліс депутаты болып сайланғаны белгілі болды

ERNUR.KZ. Орталық сайлау комиссиясы бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс депутатының мандатын иеленген кандидаттардың тізімін жариялады, деп жазады tengrinews.kz.

ОСК қорытындысы бойынша дауыс беру нәтижесінде өз округтерінде ең көп дауыс жинағандар:

№1 Округ (Астана) - Дәулет Тұрлыханов (Amanat кандидаты);
№2 Округ (Астана) - Дәулет Мұқаев (өзін-өзі ұсынған);
№3 Округ (Алматы) - Ермұрат Бапи (өзін-өзі ұсынған);
№4 Округ (Алматы) - Ерлан Стамбеков (өзін-өзі ұсынған);
№5 Округ (Алматы) - Бақытжан Базарбек (өзін-өзі ұсынған);
№6 Округ (Шымкент) - Данабек Исабеков (Amanat кандидаты);
№7 Округ (Шымкент) - Болатбек Нажметдинұлы (Amanat кандидаты);
№8 Округ (Абай облысы) - Нұртай Сабильянов (Amanat кандидаты);
№9 Округ (Ақмола облысы) - Айна Мусралимова (Amanat кандидаты);
№10 Округ (Ақтөбе облысы) - Қазыбек Әлішев (Amanat кандидаты);
№11 Округ (Алматы облысы) - Ардақ Назаров (өзін-өзі ұсынған);
№12 Округ (Алматы облысы) - Данияр Қасқарауов (өзін-өзі ұсынған);
№13 Округ (Атырау облысы) - Әділ Жұбанов (Amanat кандидаты);
№14 Округ (Батыс Қазақстан облысы) - Абзал Құспан (өзін - өзі ұсынған);
№15 Округ (Жамбыл облысы) - Мұқаш Ескендіров (Amanat кандидаты);
№16 Округ (Жамбыл облысы) - Гүлдара Нұрымова (Amanat кандидаты);
№17 Округ (Жетісу облысы) - Руслан Қожасбаев (Amanat кандидаты);
№18 Округ (Қарағанды облысы) - Құдайберген Бексұлтанов (Amanat кандидаты);
№19 Округ (Қарағанды облысы) - Арман Қалықов (Amanat кандидаты);
№20 Округ (Қостанай облысы) - Еркін Әбіл (өзін-өзі ұсынған);
№21 Округ (Қызылорда облысы) - Мархабат Жайымбетов (Amanat кандидаты);
№22 Округ (Маңғыстау облысы) - Еділ Жаңбыршин (Amanat кандидаты);
№23 Округ (Павлодар облысы) - Амантай Жарқынбек (өзін-өзі ұсынған);
№ 24 Округ (Солтүстік Қазақстан облысы) - Еркебұлан Мәмбетов (Amanat кандидаты);
№25 Округ (Түркістан облысы) - Қайрат Балабиев (Amanat кандидаты);
№26 Округ (Түркістан облысы) - Ұласбек Сәдібеков (Amanat кандидаты);
№27 Округ (Түркістан облысы) - Темір Қырықбаев (Amanat кандидаты);
№28 Округ (Ұлытау облысы) - Ерболат Сатыбалдин (Amanat кандидаты);
№ 29 Округ (Шығыс Қазақстан облысы) - Лұқбек Тумашинов (Amanat кандидаты).