Белгілі композитор Нұрлан Қаражігітов қайтыс болды

0
1 239

"Ең үздік композитор" атағын жеңіп алған музыкант 54 жасында өмірден озді.


Белгілі композитор Нұрлан Қаражігітов қайтыс болды

ERNUR.KZ. 9 маусым күні таңертең қазақстандық атақты музыкант Нұрлан Қаражігітовтің қайтыс болғаны белгілі болды деп жазады nur.kz.

Бұл туралы Батырхан Шүкенов атындағы қордың директоры Олжас Байқанов әлеуметтік желіде жариялады.

"Біздің ағамыз Нұрлан Қаражігітов өмірден өтті... Еліміздегі ең талантты музыканттың бірі еді. Ақкөңіл, көңілді жан еді. Әрқашанда жадымыздан кетпейсің, аға", - деді ол Facebook-тегі жазбасында.

Желі оқырмандары композитордың жақындарына көңіл айтты.

Нұрлан Қаражігітов 1964 жылы 20 маусымда өмірге келді. Ол 1982 жылы Республикалық Күләш Бәйсейітова атындағы музыкалық мектеп-интернатты бітірді. 1992 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын аяқтады. Ол 2016 жылы Еуразиялық музыкалық премиясында "ең үздік композитор" номинациясын жеңіп алды. Музыкант 20 маусымда 55 жасқа толатын еді.