Батыс Қазақстанда 26 адам коронавирус жұқтырған

0
443

Олардың 90 пайызға жуығы қызылшаға қарсы екпе алмаған.


Батыс Қазақстанда 26 адам коронавирус жұқтырған

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында 26 адам коронавирус жұқтырған. Оның 21 жағдайы қаңтар айында, бесеуі ақпанда тіркелді. Дертке шалдыққандардың 8-і аяғы ауыр әйел, 9-ы бала, деп жазады zakon.kz.

Дені ауруханаға жатып, ем алған. Облыста қызылша бойынша да эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз, - дейді мамандар. Күні бүгінге дейін 255 адам ауру жұқтырған.

Олардың 90 пайызға жуығы қызылшаға қарсы екпе алмаған.

Аймақта ауру ошағы тіркелген алты мектеп пен үш балабақша анықталып, 21 күн ішінде байланыста болғандарға медициналық бақылау қойылды.

"Ауа-тамшы жолы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы №2 қаулы күшіне енді. Соған сәйкес медициналық ұйымдарда персоналдың және келушілердің медициналық маскаларды пайдалануын, антисептиктердің болуын, халықтың көп жиналатын жерлерінде, көліктің барлық түрлерінде медициналық немесе матадан тігілген маскаларды пайдалануға ұсыным беріледі."Мұхамғали Арыспаев, Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы