Бас прокуратура Лондонда жүрген Бергей Рысқалиевті неге ұстай алмайтындарын айтты

0
909

Бас прокуратура Лондонда серуендеп жүрген Рысқалиевтің видеосына қатысты жауап берді.


Бас прокуратура Лондонда жүрген Бергей Рысқалиевті неге ұстай алмайтындарын айтты

ERNUR.KZ. ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов әлеуметтік желіге тарап кеткен Лондонда жүрген Бергей Рысқалиевтің видеосы туралы пікір білдірді, деп жазады baq.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистердің бірі сол видео туралы сауалын жолдады.

«Видеоны көрдіңіздер ме? Видеодағы сол кісі ме? Оны ұстауға қатысты қандай шаралар қолданылып жатыр?», - деп сұрады журналист.

Бас прокурордың орынбасары көргенін, Ұлыбританиямен қашып кеткен адамдарды ұстау туралы келісімшарт жоқ екенін айтты.

«Әрине, көрдік. Біздің аумағымызда қылмыс жасап, басқа елде жүрген азаматтарымыз бар, өкінішке қарай. Енді бұл – халықаралық іздеуде жүрген азамат. Қылмыстық іс Қазақстанда ол азаматта бар. Оның жауапкершілігі қаралады. Өкінішке қарай, Ұлыбританиямен қашып кеткен адамдарды бір-бірімізге беру туралы келісімшарт жоқ. Бірақ та бүкіл құқықтық сұрауларымыз жан-жаққа, «Интерполға» жіберілді. Құқықтық алаңда шешілетін болады», - деп жауап берді Ахметжанов.

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, бюджеттің 71 миллиард теңгесін ұрлағаны үшін сырттай 17 жылға сотталған еді.