"Барыс" ҚХЛ маусымы алдында алғаш рет жеңіске жетті

0
362

Елорда төріндегі матчта айдын иелері 3:0 есебін тіркеді.


ERNUR.KZ. "Барыс" клубы Президент Кубогінің екінші турында "Нефтехимик" хоккейшілерін ұтты, деп жазады Vesti.kz.

Елорда төріндегі матчта айдын иелері 3:0 есебін тіркеді. 27 минутта Михаил Рахманов есеп ашса, 50 минутта Линден Вей командасының екінші шайбасын алды. Ал араға екі минут салып Дінмұхамед Қайыржан ойындағы басымдықты пайдаланып есепті 3:0 дейін жеткізді.

Осылайша "Барыс" ҚХЛ маусымы алдында бірінші рет жеңіске жетіп отыр.

Еске салайық, осыған дейін дәстүрлі Президент Кубогінде еліміздің маңдай алды клубы "Автомобилистке" овертаймда (3:4) ұтылған еді. 18 тамызда турнирге қатысушылар демалады. Ал шешуші ойын осы аптаның жұма күніне белгіленген. Андрей Скабелка шәкірттері "Металлургпен" кездеседі.