"Бәріміз де пендеміз...": Соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі актер болып шықты

0
619

Сондай-ақ жәбірленуші денсаулығы жақсарып келе жатқанын айтты.


ERNUR.KZ. Қарағандыда соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі Төреғали Берікқалиұлы күдікті Нұрболат Дәкебаевты кешіруге дайын, деп жазады inbusiness.kz.

"Бір таяқ жеп, хайп ұстап жүр деп ойлайтындар табылуда. Бірақ Tik-Tok парақшамды бұрыннан жүргіземін. Жедел жәрдем жүргізушілігінен бөлек, актер адаммын. Бәріміз де пендеміз. Алла бәрін кешіреді. Алланың алдында пендеміз. Біз де кешіреміз. Соттатамын, оны түрмеге отырғызамын деген сөз айтқан жоқпын. Қазақ еліміз аман болсын", - дейді ол.

Сондай-ақ жәбірленуші денсаулығы жақсарып келе жатқанын айтты.

"Мұрынға жасаған бірінші отам сәтті өтті. Енді екіншісі бар. Әрбір қазақ жалғызым. Дұрыс жағынан түсінейік", - дейді Төреғали.