"Балам, менің ұлым жоқ": Алматы полициясы алаяқтар туралы ескертті

0
397

Қазір алаяқтар зейнеткерлерге телефон соғып, балалары немесе немерелері апатқа ұшырады деп алдап жатыр.


ERNUR.KZ. Алматы полициясы алаяқтардың қарт адамдарды алдап жатқанын ескертті, деп жазады inform.kz.

Алматы Полиция департаменті ұсынған видеода полицей қарт анасына телефон соғады.

"Ана, тез айта салайын, жұмыстамын, қазір алаяқтар зейнеткерлерге телефон соғып, балалары немесе немерелері апатқа ұшырады деп алдап жатыр. Ақша бопсалайды. Ана, олардың талабын орындамаңыз", - дейді полицей.

Алайда, жауап ретінде әйел ұлы жоқ, тек екі қызы бар екенін айтады.



"Егер сізге полиция қызметкері қоңырау шалса, полиция қызметкерлерінің сізден ақша сұрауға құқығы жоқ екенін есте сақтаңыз. Әңгімелесуді бастамас бұрын сұхбаттасушы өзін таныстыруы керек (аты-жөні, қызметі, лауазымы, жұмыс орны). Бұл ақпаратты "102" арнасы арқылы тексеріп алуыңыз қажет. Бейтаныс адам телефон соқса, оның сізге нені және қалай айтқысы келетініне назар аударыңыз. Алаяқтар, әдетте, асықтыруға, шатастыруға және ықтимал салдарын айтып қорқытуға тырысады. Кез келген ақпарат тексерілуі керек, ақшаны жібермеңіз немесе аудармаңыз", - делінген хабарламада.