Бағдат Мусин мен Ғани Бейсембаев өз қызметтерін жалғастыра береді

0
573


Бағдат Мусин мен  Ғани Бейсембаев өз қызметтерін жалғастыра береді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына және Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген жарлықта.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды", - делінген жарлықта.