Азаматтардың барлық санаты салық декларациясын тапсырады

0
568

Биыл 1 қаңтардан бастап декларацияны мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген тұлғалар мен олардың жұбайлары тапсырады.


Азаматтардың барлық санаты салық декларациясын тапсырады

ERNUR.KZ. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен олардың жұбайлары жалпыға бірдей салықтық декларация тапсырады. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды, деп жазады inbusiness.kz.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың мәлімдеуінше, биыл 1 қаңтардан бастап декларацияны мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген тұлғалар мен олардың жұбайлары тапсыра бастады.


«2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен олардың жұбайлары жалпыға бірдей салықтық декларация тапсырады», – деді ол.


Министрдің мәлімдеуінше, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары декларация тапсыруға міндеттеледі. Ал 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың қалған санаттары есеп береді.


«Азаматтарға арналған үкімет» МК инфрақұрылымын кеңейту бойынша шаралар қабылданды. Атап айтқанда, салықтық декларацияны қағаз түрінде халыққа қызмет көрсету орталықтары, мемлекеттік кірістер органдары немесе пошта бөлімшелері арқылы ұсынуға болады. Корпорацияның фронт-офистері Connection Point өзіне-өзі қызмет көрсету секторымен жабдықталған. Халыққа ыңғайлы болу үшін декларация тапсыруға электронды қызметтер – салық төлеуші кабинеті, «Электрондық үкімет» веб-порталы және Е-Salyq Azamat мобильді қосымшасы бар. Тұрғындар электронды цифрлы қолтаңбаны (ЭЦҚ) алуға онлайн өтінім бере алады, ал «Салық төлеушінің кабинетіне» смс-код арқылы ЭЦҚ-сыз кіруге болады», – деді Ерлан Жамаубаев.


Біле жүріңіз, жалпыға бірдей декларациялау шарасы табыс салығын азайтуға жағдай жасайды.