Азамат Сатыбалды ректор болды

0
1 419

Танымал кино және театр актері Азамат Сатыбалды жаңа қызметке тағайындалды.


Азамат Сатыбалды ректор болды

ERNUR.KZ. Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры ауысты, деп жазады Экспресс К.

Бұл қызметке танымал кино және театр актері, тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды тағайындалды. Аталған жаңалықты Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы хабарлады.

"Біліктілігі мен білімін, іскерлігі мен жігерін орайлы ұштастыра білген қазақ өнерінің болашақтағы бет-бейнесін қалыптастыратын нағыз кәсіби мамандар дайындау бағытында барлық қарым-қабілетін жұмсайтынына сенімім мол", - деп жазды ол.

Азамат Сатыбалды 1977 жылы 2 қарашада Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2014). Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері (2002). Бұған дейін Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры болған.