Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанда 15 тас жол жабылды

0
644


Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанда 15 тас жол жабылды

ERNUR.KZ. Елімізде 17 ақпандағы ауа райының нашарлауына байланысты тоғыз облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 15 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп жазады Stan.kz.



"ҚазАвтоЖол" жабылған жолдардың тізімін шығарды:

Абай облысында – жалпы ұзындығы 177 км болатын екі учаске:

  • Омбы – Майқапшағай, Қалбатау ауылы учаскесі – Боғас ауылы (барлық түрлер бойынша).
  • Қарағанды – Аягөз – Бұғаз, Аягөз учаскесі – Боғас ауылы.

Алматы облысында – жалпы ұзындығы 15 км бір учаске (қар, ауа температурасының төмендеуі):

  • Алма-Тау туристік орталығына кіру (жүк және қоғамдық көлік үшін).

Шығыс Қазақстан облысында – жалпы ұзындығы 589 км болатын төрт учаске (қар, боран, көріну мүмкіндігін шектеулі, өздігінен қар көшкіні жүру қаупі бар):

  • Өскемен – Риддер – РФ шекарасы, Белоусовка – Риддер учаскесі (тіркеме және жартылай тіркемемен жүк тасымалдайтындар үшін).
  • Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катон-Қарағай – Рахмановские ключи – Ушановское ауылы – Алтай, Берел ауылының учаскесі – "Рахмановские ключи" санаторийі (барлық көлік түрлері бойынша жабық).
  • Омбы – Майқапшағай – Абай ауданының шекарасы – Зайсан, Үлкен Қаратал ауылының учаскесі – Қытай Халық Республикасының шекарасы (барлық көлік түрлері бойынша жабық).
  • Омбы – Майқапшағай – Қалжыр – Марқакөл, Дайыр ауылының учаскесі – Марқакөл ауылы (барлық көлік түрлері бойынша жабық).

Жамбыл облысында – ұзындығы 79 км бір учаске (қар, бұрқасын, көріну мүмкіндігі шектеулі):

  • Алматы – Ташкент – Термез, Кенен ауылының учаскесі – Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады).

Жетісу облысында – жалпы ұзындығы 123 км болатын екі учаске (қар, боран, жел, көру мүмкіндігі шектеулі):

  • Үшарал – Достық, Көктума стансасы – Достық стансасы (көліктің барлық түрі бойынша).
  • Сарыөзек – Көктал – Алтын Емел асуы (көліктің барлық түрі бойынша).

Қостанай облысында – ұзындығы 83 км бір учаске (Ұлытау ауданындағы ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты):

  • Жезқазған – Петропавл, Ұлытау облысы шекарасының учаскесі – Арқалық (көліктің барлық түрі бойынша).

Маңғыстау облысында – жалпы ұзындығы 132 км болатын екі учаске (қар, жел, боран, көру мүмкіндігі шектеулі):

  • Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау, Жетібай ауылы – Ақтау учаскесі (барлық түрлер бойынша).
  • Жетібай – Жаңаөзен – Түркіменстан шекарасы, Жетібай ауылының учаскесі – Жаңаөзен (барлық түрлері бойынша).

Солтүстік Қазақстан облысында – жалпы ұзындығы 230 км екі учаске (жел, қарлы боран, көру мүмкіндігі шектеулі):

  • Булаево – Возвышенка – Молодогвардейское – Кирово – Қиялы – Рощинское, Возвышенка ауылының учаскесі – Рощинское ауылы.
  • Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – Ресей Федерациясының шекарасы (Омбыға дейін), Кішкенекөл ауылының учаскесі – Ресей Федерациясының шекарасы.

Ұлытау облысында – жалпы ұзындығы 115 км бір учаске (жел, көру мүмкіндігі шектеулі):

  • Жезқазған – Петропавл, Ұлытау кентінің учаскесі – Қостанай облысының шекарасы.

Қазір республикалық маңызы бар жолдарда 454 бірлік техника мен 923 адам жұмылдырылған.