Ауа-райының қолайсыздығына байланысты екі облыста жолдар жабылды

0
3 398

Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне енгізілді.


Ауа-райының қолайсыздығына байланысты екі облыста жолдар жабылды

ERNUR.KZ 10 наурыз сағат 10.00-дегі жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар 2 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп жазады Azattyq Ruhy.



Қызылорда облысында жалпы ұзындығы 204 шақырым болатын 1 автожол.

  • «Қызылорда-Павлодар» - Қызылорда қаласы - Ұлытау обл.

Ұлытау облысында жалпы ұзындығы 208 км болатын 1 автожол.

  • «Қызылорда-Павлодар» - Қызылорда облысы-Талап кенті.

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарда күтіп ұстау жұмыстарына 232 бірлік техника және 316 адам жұмылдырылды.