Атырауда Ветеринариялық бақылау комитетінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді

0
175

Күдікті шекарадан тауар өткізуді жеделдеткені үшін ақша талап еткен.


Атырауда Ветеринариялық бақылау комитетінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыс прокуратурасының үйлестіруімен "ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясы" ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп жазады inbusiness.kz.

Ол тауарларды Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы шекараларының шектескен учаскесінде Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде олардың заңды қызметін жедел және кедергісіз жүзеге асырғаны үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан 2 100 000 теңге сомасында пара алды деп күдіктенеді.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.