Атырау облысында егістік науқаны 2 аптаға кешікті

0
257

Махамбет-Индер аудандарының диқандары жұмысты бастай алмай отыр.


Атырау облысында егістік науқаны 2 аптаға кешікті

ERNUR.KZ. Биыл Атырау облысының шаруалары көктемгі дала жұмыстарын 2 апта кеш бастады. Су тасқыны кедергі болды, деп жазады baq.kz.

Әсіресе, Махамбет-Индер аудандарының диқандары жұмысты бастай алмай отыр. Қалған ауданның шаруалары жер жыртып, дән себуге кірісті. Жалпы, биыл облыс бойынша 10 мың 800 гектар алқапқа бау-бақша және көкөніс егу жоспарда. Агроном Айдос Байниязов жетекшілік ететін шаруашылықтың 70 ке тарта жұмысшысы дала жұмыстарына жаппай жұмылдырылды. Олар 2 күнде 30 гектар аумаққа дән сеуіп үлгерген. Егіншілер 1 мамырға дейін 130 гектар алқапты игеруі тіис.

Бұдан 15 күн бұрын егуіміз керек еді. Қазір жәй қалдық, қызанақ, тәтті бұрыш егеміз онан соң баклажан бар капуста, морковь ектік жуа ектік 1 гектардан. Үстін жабатынымыз салқыннан қорғайды біріншіден, сосын көктемнің желі бар, онан қорғайды. Күн райы 17 градус болмаса, бәрібір салқын болады егінге, - деді агроном Айдос Байниязов.

Жайықты жағалай қоныстанған шаруашылықтарды биылғы тасқын су әбден әбігеге салды. Кәсібі өзенге байланған суармалы егістік иелері су көзін жағалай түрен салатын. Жайықпен аралық 50-600 метр. Егер тасқын күрт көтерілсе, қырауар еңбек зая кетеді. Сондықтан егіншілер алдымен бөгет тұрғызып, сосын шаруаға кірісті.

2200 метрдей жер қоршалды. Бізге ең бірінші конкурент-уақыт. График қысып жатыр. Осыдан кейін қалдыруға болмайды. Өйткені, кейінге қалған өнім кеш піседі, мысалы жуаға 1 мамырдан бастап су берілмесе, онда сапа болмайды, - дедішаруашылық жетекшісі Қоныс Ерманов.

Облыс бойынша көктемгі егіс науқанында 645 гектар алқап жыртылып, дән себілуі тиіс. Қазір оның үштен бірі ғана игерілді.