Астананың бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды

0
387

Ал бұрын осы қызметті Нұрлан Мұсатайұлы Сейтімов атқарған болатын.


Астананың бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды

Алтай Көлгінов Қазақстанның Эстониядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», делінген ресми құжатта.

Ал бұрын осы қызметті атқарған Нұрлан Мұсатайұлы Сейтімов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Алтай Көлгінов 1978 жылы 15 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында дүниеге келген.
  • Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.
  • 2000 жылы әскерде борышын өтеді.

Еңбек өтілі

2001-2008 жылдары әділет министрлігі, мемлекеттік қызмет істері агенттігі және бас прокуратура органдарында түрлі лауазымда қызмет атқарды;
2003-2007 – мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша басқарма басшысының орынбасары;
2007-2008 – әділет министрлігі заң актілерін жасақтау және талдау басқармасының басшысы;
2008-2010 – "АлашМедиаГрупп" компаниясы бас директорының орынбасары;
2010-2012 – Қазақстан президенті әкімшілігі аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы;
2012-2013 – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
2013-2016 – Орал қаласының әкімі;
2016 жылдың наурызынан 2019 жылдың маусымы аралығында Батыс Қазақстан облысының әкімі болды;
2019 жылдың 13 маусымынан бастап 2022 жылдың 8 желтоқсанына дейін – Астана әкімі.
2022 жылдың 9 желтоқсанынан 2023 жылдың маусымына дейін премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарды.