Астанада жаңа танысы бойжеткеннің кофесіне есірткі қосып берген

0
738

Тәртіп сақшылары 33 жастағы қала тұрғынын ұстады.


Астанада жаңа танысы бойжеткеннің кофесіне есірткі қосып берген

ERNUR.KZ. Астана полициясына жас қыз арызбен жүгінген. Оләлеуметтік желі арқылы танысқан ер адамның кофесіне есірткі араластырып бергенін мәлімдеген, деп жазады zakon.kz.

Тергеу барысында қыздың жігітпен әлеуметтік желі арқылы танысқаны анықталды. Жастар кездесіп, қарым-қатынасты жалғастыруды ұйғарған.

"Бір шыны кофе ішкеннен кейін бойжеткен одан әрі әрекеті есінде жоғын мәлімдейді. Тәртіп сақшылары 33 жастағы қала тұрғынын ұстады", - деп жазады Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.

"Бейтаныс адамдармен кездескен кезде достарыңыз бен туыстарыңыз сіздің кіммен бірге екеніңізді, қайда және қанша уақыт болатыныңызды білетініне көз жеткізіңіз. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз", - деп қорытындылады полицейлер.