Астанада халықаралық музыка фестивалі басталды

0
575

Биыл Қазақстанда "Орыс мезгілдері" аясында сондай-ақ жетекші ресейлік театрлардың гастрольдерін ұйымдастыру жоспарлануда.


Астанада халықаралық музыка фестивалі басталды

ERNUR.KZ. 2 наурызда "Астана Опера" театрында Ресей өнері мен мәдениетінің "Орыс мезгілдері" фестивалі ашылды, деп жазады sputnik.kz.

"Бұл халықаралық жобаны өткізу ресейлік-қазақстандық мәдени ынтымақтастықты дамыту мен нығайтудағы маңызды қадам саналады. Жыл бойы Қазақстан Республикасының тұрғындары Ресей өнерінің үздіктерімен кездесуден ұмытылмас әсер алады деп үміттенеміз", - деді РФ мәдениет министрі Ольга Любимова.

"Чайковский-гала" бағдарламасында ресейлік композитордың белгілі шығармалары орындалды.
Биыл Қазақстанда "Орыс мезгілдері" аясында сондай-ақ жетекші ресейлік театрлардың гастрольдерін ұйымдастыру жоспарлануда. Астана, Алматы, Шымкент және Қазақстанның басқа да қалаларында көрмелер, симфониялық концерттер, фильмдер көрсетілімі, шығармашылық зертханалар, ресейлік мәдениет мекемелерінің шеберлік сабақтары өтеді.
"Орыс мезгілдері" – екі ел арасындағы мәдениетаралық диалогқа жаңа мүмкіндіктер ашатын жаһандық фестиваль. Жобаны Ресей үкіметі мен РФ мәдениет министрлігі Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.