Астанада балаларды спорттық үйірмелерге тегін қабылдау басталады

0
340

27 қарашадан басталады.


Астанада балаларды спорттық үйірмелерге тегін қабылдау басталады

ERNUR.KZ. Астанада 27 қарашадан бастап балаларды спорттық үйірмелерге қабылдау басталады, деп жазады sputnik.kz.

"Мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру аясында Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы 2023 жылғы 27 қарашада сағат 20.00-де Damubala.kz платформасында балаларды спорттық үйірмелерге қабылдау басталатынын мәлім етті", - , деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

2023 жылдың қорытындысы бойынша үнемделген қаражатты пайдалана отырып, орындарды бөлу және ваучерлер (4500 ваучер) беру 2023 жылғы 28 қарашада сағат 18.00-де жүзеге асырылатын болады.