Астанада 5-сынып оқушысы мектеп фойесінде петарда жарып жіберді

0
475

Мектеп оқушыларымен профилактикалық әңгіме жүргізілгенін атап өтті.


Астанада 5-сынып оқушысы мектеп фойесінде петарда жарып жіберді

ERNUR.KZ. Елордада кәмелетке толмаған 5-сынып оқушысы мектеп фойесінде петарда жарып жіберді. Оқиға 20 желтоқсан күні түс кезінде болған, деп inbusiness.kz.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әміржан Байғошев департаментте өткен брифингте ғимарат ішінде пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға тыйым салынғанын еске салды.

"Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған баламен мектеп мұғалімдерінің қатысуымен әңгімелесу барысында оның мектеп маңында орналасқан сауда үйінің бутиктерінің бірінен петарда сатып алғанын анықтап, тауарды сатушыны көрсеткен.Тексеру нәтижесінде сатушының дүкенінен 10 қорап көлеміндегі сертификаты жоқ пиротехникалық өнімдер табылып, 196-бап бойынша әкімшілік хаттама жасалып, айыппұл салынды", - деді Әміржан Байғошев.

Спикер мектеп оқушыларымен профилактикалық әңгіме жүргізілгенін атап өтті. Ол ғимараттар мен үй-жайлардың ішінде пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға, сондай-ақ балалардың ересектердің қатысуынсыз пайдалануға тыйым салынғанын еске салды.