Астана тұрғыны танысының қымбат көлігін өртеп жіберген

0
589

Таңертең сағат 05.50-де полицияға Hyundai Tucson автокөлігінің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.


Астана тұрғыны танысының қымбат көлігін өртеп жіберген

Астанада ер адам танысының қымбат көлігін өртеп жіберген, - деп хабарлайды ERNUR.KZ. Polisia.kz. сілтеме жасап.

Таңертең сағат 05.50-де полицияға Hyundai Tucson автокөлігінің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Көлік Күйши Дина көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында болған. Шақыру бойынша келген полицейлер 42 жастағы ер адамды көліктің жанынан ұстаған.

"Ол мас күйде жеке жеккөрушілік қарым-қатынас салдарынан танысының көлігін өртеп жібергені анықталды. Қолайлы сәтті күткен ер адам түнде таныс әйелдің ауласына келіп, көлікке бензин шашып, оны өртеп жіберген. Жану салдарынан жәбірленушінің көлігі елеулі зақым алды, оған 19 миллион теңге көлемінде мүліктік шығын келтірілді", - делінген хабарламада.

Оқиға орнына келген өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері өртті сөндірген. Бөтеннің мүлкіне қасақана зақым келтіру дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті ер адам ПД уақытша ұстау изоляторына қамалған.