"Әскери құрылыс" АҚ басшылығы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

0
676

11 адам қылмыстық жауапқа тартылды.


ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Әскери құрылыс" АҚ экс-президенті Е. Тәжиденов пен басқа да ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп жазады sputnik.kz.

11 адам қылмыстық жауапқа тартылды.
"Қылмыстық жауапқа тартылғандардың арасында туған ағасы мен жиені, сондай-ақ Тәжиденовтың қарамағындағы "Әскери құрылыс" ЖШС мен оның Астана қаласы бойынша филиалының қаржылық және корпоративтік қызметіне жауапты адамдар бар", - деп мәлімдеді ведомство.
Олар тауарлар мен қызметтерді сатып алуға, өтеусіз қаржылық көмек көрсетуге үлестес компаниялармен жалған шарттар жасап, аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

"Залалдың жалпы сомасы – 596 млн теңге. Оны өтеу мақсатында қылмыстық жолмен алынған мүлікке тыйым салынды. Қазіргі уақытта айыпталушылардың ісі сотқа берілді", - делінген хабарламады.