Әскери бөлімнен қашып кеткен Дәулет Тұрлыхановтың ұлы табылды

0
382

Әскери қызметші қызмет атқаратын орнына жеткізілді.


Әскери бөлімнен қашып кеткен Дәулет Тұрлыхановтың ұлы табылды

ERNUR.KZ. Қонаев гарнизонының әскери бөлімінен қашып кеткен депутат, спорт ардагері Дәулет Тұрлыхановтың ұлы табылды, деп жазады sputnik.kz.

"2023 жылғы 3 шілдеде ішкі істер органдарының қызметкерлері және әскери полицияның әскери қызметшілерімен ұйымдастырылған бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында әскери бөлімді өз еркімен тастап кеткен мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Б.-ның орналасқан жері анықталды", - делінген хабарламада.

Әскери қызметші қызмет атқаратын орнына жеткізілді.

Ведомство мәліметінше, аталған факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, Қонаев гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде қатардағы жауынгер Б. қамауға алу мерзімі аяқталғаннан кейін әскери бөлімнің орналасқан жеріне қайтып бара жатқан кезінде белгісіз бағытқа қашып кеткен.
Ол бұйрыққа бағынбай, оны орындамағаны үшін гауптвахтада ұстау түрінде әкімшілік жауапқа тартылды. Әскери бөлімнің орналасқан жеріне әскери қызметшінің сүйемелдеуімен қайтып бара жатқан.