"АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында төрт жұмысшы қайтыс болды

0
547

3 адам оқиға болған жерде, тағы біреуі ауруханада көз жұмды.


ERNUR.KZ. "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорынында төрт жұмысшы қайтыс болды, деп жазады sputnik.kz.

Қайғылы оқиға туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, оқиға жұмыс істемейтін пешті демонтаждау кезінде болған. 3 адам оқиға болған жерде, тағы біреуі ауруханада көз жұмды.
"Қазір апат болған жерде төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, өндірістік қауіпсіздік мамандары жұмыс істеп жатыр", - деп жазды Қасымбек.
Сонымен қатар комбинаттың басшылығы мен өзге де жауапты тұлғалар оқиға болған жерде жүр.
"Қайтыс болған жандардың жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамын", - деді облыс әкімі.