Арман Жұмагелдиев пен Қайрат Құдайбергеннің үстінен қозғалған қылмыстық іс сотқа түсті

0
488

2022 жылғы 7 қаңтарда ҚР Ішкі істер министрлігі Алматыда қылмыс әлемінде Дикий Арман атымен танылған Арман Жұмагелдиевтің ұсталғанын мәлімдеді.


Арман Жұмагелдиев пен Қайрат Құдайбергеннің үстінен қозғалған қылмыстық іс сотқа түсті

ERNUR.KZ. Дикий Арман мен Қайрат Құдайбергенге қатысты қылмыстық іс Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына түсті, деп жазады zakon.kz.

"Сот отырысының күні әлі белгіленген жоқ", – деп мәлімдеді сот өкілдері.

2022 жылғы 7 қаңтарда ҚР Ішкі істер министрлігі Алматыда қылмыс әлемінде Дикий Арман атымен танылған Арман Жұмагелдиевтің ұсталғанын мәлімдеді. Жұмагелдиевпен бірге оның тобына қатысы бар деген бес адам ұсталды. Бас прокуратураның мәліметінше, Дикий Арман қанды қаңтар кезінде адам ұрлаған ұрлаған. 2023 жылғы 5 қаңтарда ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Мәжілістегі жиында сөйлеген сөзінде Арман Жұмагелдиев қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ҰҚК кураторының басшылығымен әрекет еткенін мәлімдеді.

2022 жылғы 22 сәуірде Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген қаңтардағы бүлікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды. Ол депутаттық мандатынан айырылып, Amanat партиясынан шығарылды. Ол қамауға алынған күннен бері қамауда отыр.