Арқалық маңында құтқарушылар жоғалып кеткен әйелді тапты

0
480

​Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр


Арқалық маңында құтқарушылар жоғалып кеткен әйелді тапты

фото видеодан скринделді

Арқалық маңында құтқарушылар жоғалып кеткен әйелді тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

46 жастағы әйел адам 14 қаңтарда таңғы сағат 8:00-де Ақтас ауылынан Арқалық қаласына қарай жаяу шығып кетіп, сол күйі оралмаған.

«Оның жоғалып кеткені туралы жергілікті шаруа қожалығында хабарланды. ТЖД қызметкерлері әйелді сағат 18-55-те Ақтас ауылынан 2 шақырым жерден тауып алды. Дене мүшелерін үсік шалған әйел қазіргі уақытта реанимацияда жатыр», - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

ТЖМ азаматтардан қолайсыз ауа райы жағдайында елдімекендерден кетпеуді сұрайды.