Әрбір қазақстандық саусақ іздерін тапсыруға міндеттеледі — ІІМ

0
914

Дактилоскопиялық тіркеу — саусақтардың капиллярлық үлгілерінің құрылымдық ерекшеліктері туралы ақпарат алу.


Әрбір қазақстандық саусақ іздерін тапсыруға міндеттеледі — ІІМ

ERNUR.KZ. 2024 жылы 1 қаңтардан бастап жеке басты куәландыратын құжаттарды алу кезінде міндетті дактилоскопиялық тіркеу енгізілетін болады, деп жазады inbusiness.kz.


Мұндай тіркеуден, 16 жасқа толмаған балалардан басқа, барлық Қазақстан азаматтары және ҚР аумағында тұратын шетел азаматтары міндетті түрде өтеді. Ал 12 жастан 16 жасқа дейінгі балалар дактилоскопиялық тіркеуден ерікті түрде өте алады.

Саусық іздері ХҚКО-да жеке куәлік, төлқұжат, шетелдіктер үшін елді тұру ықтияр хаттарын және азаматтығы жоқ адамдар үшін тиісті құжаттарын алу кезінде қолданылады.

"Дактилоскопиялық тіркеуді енгізудегі басты мақсат — адам мүдделерін қорғау, оның заңды құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Мұндай тіркеудің артықшылықтары да айқын:

  • біріншіден, жеке тұлғалардың биометриялық сәйкестендіруді жетілдіруге бағытталған, бұл өз кезегінде заңсыз құжаттандыруды болдырмауға, жалған құжат арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік береді;
  • екіншіден, біздің елдің азаматтары шет елдерге шығу кезінде мемлекеттік шекараларды кесіп өту рәсімін жеңілдеуге бағытталған;
  • үшіншіден, күнделікті өмірде болуы мүмкін оқыс оқиғалар, оның ішінде техногендік, апаттық жағдайларда жоғалған жеке басын куәландыратын құжаттарды қалпына келтіру барысын анағұрлым жеңілдетеді", — деп түсіндірді ІІМ, Көші-қон комитетінің Халықты құжаттандыру және тіркеу басқармасының аға инспекторы Нұржан Жаңабаев.