Антикор Жетісудың білім саласындағы жемқорлықты анықтау үшін халықтың шағымын жинап жатыр

0
498

Осы мәселе бойынша жұмыс тобына қоғам және бірқатар басқа орган өкілдері кірді.


Антикор Жетісудың білім саласындағы жемқорлықты анықтау үшін халықтың шағымын жинап жатыр

ERNUR.KZ. Жетісу облысында антикор қызметі білім саласындағы жемқорлық фактілерін анықтау үшін халықтың шағымын жинауға кірісті, деп жазады inform.kz.

Тұрғындар осы салаға қатысты фактілерін арнайы көрсеткен мекенжайға барып арыз ретінде қалдыра алады немесе көрсетілген поштаға жолдайды, сондай-ақ ұялы телефон номеріне хабарласа алады.

Осы мақсатта Жетісу облысының антикор қызметі білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады.

«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облыс бойынша департаменті 27 сәуірден бастап мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады.

Департамент пен білім басқармасы басшыларының бірлескен бұйрығына қол қойылды.

Осы мәселе бойынша жұмыс тобына қоғам және бірқатар басқа орган өкілдері кірді.

«Егер сізде білім саласындағы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы нақты ақпарат болса, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 36/42 мекенжайында орналасқан Антикор орталығына, жеке парақшаға немесе электронды мекенжайға хабарласуға болады upk_almobl@mail.ru. Құрметті облыс тұрғындары, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін әрбір азаматтың пікірі маңызды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауда белсенділік танытуға және өз үлесіңізді қосуға шақырамыз», - делінген аталған ведомство хабарламасында.

Барлық сұрақтар бойынша 8-7282-609-836, 8-705-871-87-87 телефондарына хабарласуға болады.