Анасымен жанжалдасқан ақтөбелік тұрғын 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

0
329

52 жастағы ер адам анасымен жанжалдасып қалған.


Анасымен жанжалдасқан ақтөбелік тұрғын 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

ERNUR.KZ. 15 қаңтарда учаскелік полиция инспекторы есепте тұрған адамдарды тексеру кезінде 52 жастағы ер адам мас күйінде анасымен жанжалдасқанын анықтаған, деп жазады zakon.kz.

Құқық бұзушы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру үшін учаскелік полиция пунктіне жеткізілді.

Материал сотқа жіберіліп, сот шешімі бойынша жанжал шығарушы 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.