Алматыдағы жер сілкінісі: Зардап шеккендер жоқ

0
508

Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелді.


Алматыдағы жер сілкінісі: Зардап шеккендер жоқ

ERNUR.KZ. Алматы қаласының ТЖД басшысы халықты сабырға шақырып, үрейге бой алдырмау керегін атап өтті, деп жазады baq.kz.

Алматы қаласының аумағында жер сілкінісі болды, үрейге бой бермеңіз. Бірінші тербеліс аяқталғанан кейін, ғимараттардан шығыңыз. Жақын орналасқан халықты қабылдау пунктеріне барыңыз. Тек ресми көздерден тарайтын ақпараттарға сеніңіз. Назар аударыңыз, сирена естігеннен кейін құлақтандыру құралдарын қосыңыз. Жағдай нақтыланған соң, қосымша ақпарат жеткізіледі, – дейді Нұрлан Атығаев Алматы қаласының ТЖД басшысы.

Алматы қаласы ТЖД жеке құрамы "Жиын" сигналы бойынша көтерілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ және жер сілкінісінің салдары туралы мониторинг, ақпарат жинау жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Сонымен қатар Талдықорғанда балдық жер сілкінісі болды.