Алматыдағы жер сілкінісі: Зардап шеккен студенттер бар ма?

0
651

Бүгінгі таңда Алматыда 35 университетте 198 833 студент білім алып жатыр.


Алматыдағы жер сілкінісі: Зардап шеккен студенттер бар ма?

ERNUR.KZ. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыдағы студенттердің жағдайы қалай екенін айтты, деп жазады baq.kz.

Бүгінгі таңда Алматыда 35 университетте 198 833 студент білім алып жатыр.

Біз бірінші жер дүмпуі туралы ақпаратты алғанда бірден іске кірістік. Студенттер шұғыл түрде эвакуацияланды. Бүкілі жүйелі түрде ұйымдастырдық. Мен біздің унивисеттердегі ректорлар мен проректорларға, студенттік ұйымдардың басшыларына шексіз алғысымды айтамын. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, - деді министр Үкіметте.

Саясат Нұрбек жер сілкінісі кезінде жалған ақпарат тарағанын айтады.

Өкінішке қарай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне тиесілі №6,8 жатақханалары қирап, құрбандар болды деген фейк ақпарат тарады. Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. Біз бірден (БАҚ-қа) ақпаратты беріп, оқиға орнына өкілдерімізді жібердік. Олар бәрін тексерді. (Жатақханаларда) кішкентай жарық пайда болған. Тиісті жөндеу жұмысын жүргіземіз. Бүгінде барлық жағдай бақылауда. Біз барлық ректормен және жатақханалардағы жауаптылармен байланыстамыз, - деді Саясат Нұрбек.