Алматыдағы ҚазҰУ университеті жатақханасының маңынан ер адамның денесі табылды

0
666

Мәйіт 29 жастағы ер адамға тиесілі екені анықталды.


Алматыдағы ҚазҰУ университеті жатақханасының маңынан ер адамның денесі табылды

ERNUR.KZ. Желіде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жатақханасы маңынан сенбілік кезінде қыздың мәйіті табылды деген ақпарат тарады, деп жазады Stan.kz.

Алматы полиция департаменті ақпаратты растады. Алайда олардың мәліметтері бойынша, мәйіт 29 жастағы ер адамға тиесілі. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол жатақхананың артында асылып қалған. Денесі сот-медициналық сараптама үшін мәйітханаға жеткізілді.

“Аталған факті ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. 29 жастағы азамат А-ның өлімінің себебін сот-медициналық сараптама белгілейді”, – делінген хабарламада.

Ал университеттің баспасөз қызметі ер адамның оқу орнына ешқандай қатысы жоқ екенін жеткізді.