Алматыдағы балабақшада бірнеше бала өз қатарласын аяусыз ұрып тастаған

0
1 465

Бұл мәселеге байланысты зардап шеккен баланың ата-анасы өз шағымын әлеуметтік желіге жариялады.


Алматыдағы балабақшада бірнеше бала өз қатарласын аяусыз ұрып тастаған

ERNUR.KZ. Алматыдағы балабақшада кішкентай баланы өз қатарластары ұрып тастаған. Салдарынан балабақша тәрбиешісіне қатаң сөгіс жарияланды, деп жазады baq.kz.

Бұл мәселеге байланысты зардап шеккен баланың ата-анасы өз шағымын әлеуметтік желіге жариялады. Оқиға 21 ақпан күні Алматыдағы №51 балабақшада болған. Камераға балалардың өз құрдасын аяусыз ұрып-соққан сәті түсіп қалған.

Баламызды өзге қатарластары аяусыз ұрған. Бұл шамамен бес минутқа созылды. Біздің ұлымызды еденге жатқызып қойып, тоқтаусыз ұрған. Бұл кезде балалар тәрбиешінің қарауынсыз қалған. Ол өз ісімен басқа жаққа кеттіп қалған, - деді зардап шеккен баланың ата-анасы.

Олар ұлының миы шайқалып ауруханада жатқанын айтады. Сондай-ақ олардың айтуынша, тәрбиеші қайтып келгенде баланың таяқ жегенін бірден байқамаған.

Біздің ұлымыз жылап жатты, бірақ тәрбиешісі қасынан өтіп кетті. Содан кейін ол ұлымыз өзі бір жерге ұрынып қалған деп өтірік айтты. Бірақ біз гематомаларды байқадық, - дейді олар.

Олар мұндай оқиға бұрын осы балабақшада болғанын атап өтті. Алматы қаласының білім басқармасы аталған жағдайға байланысты түсініктеме берді.

№51 бөбекжай-балабақшасының тәрбиеші оқыс оқиға кезінде балаларға түскі ас алып жатқанын, басқа бөлмеде болғанын айтты. Сондықтан балалардың іс-әрекетін бақылай алмады. Балабақша әкімшілігінің бұйрығымен тәртіп бұзушылықтар үшін тәрбиешіге қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Бақылау жасамағаны үшін балабақша меңгерушісі де тәртіптік жазаға тартылды, - делінген Алматы қаласы білім басқармасының хабарламасында.