Алматыдағы "алып қашу": видеодағы қыз кешірім сұрады

0
952

Қалада күндіз қыз "ұрлағандар" әлеуметтік эксперимент жасаған.


Алматыдағы

ERNUR.KZ. Алматы полициясы қыз алып қашу оқиғасының пранк екенін хабарлады. Видеодағы қыз қазақстандықтардан кешірім сұрады, деп жазады sputnik.kz.

Оқиға Алматының Алатау ауданында болған. Бұл факті бойынша тексеріс жүргізіліп, ұйымдастырушылар мен қатысушылар анықталды. Олардың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.

"Бұл әлеуметтік эксперимент – пранк екенін айтқым келеді. Мен сол видеодағы қызбын. Менде бәрі жақсы, мені ешкім алып қашқан жоқ. Жұртшылықтан кешірім сұраймыз", – деді 2004 жылғы Т.есімді қыз.
Сондай-ақ полиция департаментінің ақпаратынша, "Шевроле Нексиа" автокөлігінің жүргізушісі, 1988 жылғы азамат әкімшілік жауапқа тартылды. Оған қатысты көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз басқару және жол белгілері мен таңбалары талаптарын сақтамау бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.
Бұған дейін әлеуметтік желіде қызды ұрлау сәті түсіп қалған видео тарады. Белгісіз біреулер көшеде қызды күштеп көлікке отырғызады. Бойжеткен "көмектесіңдер" деп айғайлаған.
Алматы полиция департаменті бұл жағдайға байланысты полицияға арыз түспегенін мәлімдеді. Тәртіп сақшылары бұл пранк немесе арнайы түсірілім болуы мүмкін екенін айтқан болатын.